Жаналыктар1

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРМЕН СҰХБАТЫ

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде Қазалы аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Ермек Жұмажанұлы Аймахановтың басшылығымен аудан кәсіпкерлерінің болашақ жұмысшы мамандармен сұхбаты өтті. Кездесуге "Бастау" жобасымен 1 ай мерзімде білім алып, қазіргі таңда өз кәсіптерін жүргізіп жатқан кәсіпкерлер "Гузи Бильсариева" сән үйінің иесі, кәсіпкер Гүлзат Билсариева мен нан өнімдерін өндірумен өз наубайханасын ашқан Әсем Ешмаханова қатысып студент жастарға кәсіпкерлікті бастау, кәсіп ашу туралы өз іс - тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар студенттерді өздерінің шеберлік сыныптарына шақырды. Арнайы пән оқытушысы Бақытгүл Ибайдаева мен студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алысты.
Суретті түсірген: Шарбану Баекеева

"Үздік педагог" республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Үздік педагог" республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алмаева Жадыра Нұрқожақызы Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ұстазды марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!!!

"Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты" атты VII облыстық Еңбек форумы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты" атты VII облыстық Еңбек форумында Қазалы аграрлы - техникалық колледжі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында өткізілген "Өнертапқыш -2018" облыстық шығармашылық байқау-көрмесінде жүлделі ІІІ орын иеленді. 
"ҚАТК 2018" шағын тракторы мен Квардациклді құрастырған "Ауылшаруашылық машиналарына қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" және "Автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандықтарының өндірістік оқыту шеберлері мен студенттеріне алғысымызды білдіреміз!!!
Ұжымды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!!!

«Нұр Отан» партиясы

Осы аптаның сәрсенбі күні Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қасқырбек Өмірзақұлы Мәмбетжаның қатысуымен «Қазалы» атындағы бастауыш партия ұйымдарының (бұдан әрі-БПҰ) жиналысы болып, оған қаладағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Жиналыста «Қазалы» атындағы БПҰ-на қарасты 10 БПҰ бюро мүшелігіне барлық мекеменің басшылары, партия ұйымының бюро жетекшілігіне Ғ.Мұратбаев мемориалдық мұражайының директоры Асанова Роза Шорақызы сайланса, 2018 жылдың 25 қазан күні өтетін Қазалы аудандық партия филиалының кезекті ХХV есеп беру-сайлау конференциясына 20 делегаттың кандидатурасы ұсынылып, бір ауыздан шешім қабылданды.

Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына ЖОЛДАУЫН насихаттауға арналған барлық оқу топтарында тәрбие сағаттары өткізілді.

11 қазан - Халықаралық қыздар күні

11 қазан - Халықаралық қыздар күніне орай қыздардың құқықтары мәселелеріне назар аудару мақсатында мүдделі мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерлан Нұржаубаев, "Нұралы" мешітінің бас имамы Қайрат қажы Дәуіржанұлы, Қазалы аудандық жастар орталығының дәрігер маманы Гүлназия Кәмілжанқызы Қонысбаева, Қазалы аудандық ІІБ ЖПҚ-нің Ювеналды полиция тобының УПИ-нің полиция аға лейтенанты, Гауһар Бегалиева, Қазалы аудандық "Жастар" ресурстық орталығының жастар және жастар ұйымының инспекторы Гульвира Ахмет қатысты.

«Деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мәселелері»

Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы ауданы бойынша бөлім мамандары мен аудандық ақпараттық түсіндірме тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде жастармен кездесу өтті. Шарада Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру және жастардың діни сауаттылығын арттыру, дінаралық татулықты нығайту, дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру мен дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарын түсіндіру мақсатында «Деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мәселелері» тақырыбы сөз болды.