09 Қыркүйек 2021
145

ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. Қызылорда облысының білім басқармасының 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №146-ЖҚ/1 бұйрығымен Қазалы аграрлы - техникалық колледжі директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына Баекеева Шарбану Толыбайқызы тағайындалды. Баекеева Шарбану Толыбайқызы 1978 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетін «Физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001-2002 жылдары Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның физика пәні мұғалімі болып бастаған. 2002-2006 жылдары Қазалы ауданындағы №103 орта мектепте информатика пәні мұғалімі, Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде 2006-2011 жылдары информатика пәні мұғалімі, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін әдіскер қызметін атқарып келген. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулығы мен «Рухани жаңғыру: жаңғыру кілті білімде» тақырыбындағы әдістемелік жинағының авторы. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қызылорда облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен және облыстық кәсіподақ комитетінің дипломымен марапатталған. Шарбану Толыбайқызына жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!