02 Қазан 2021
101

ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МЕН ӘРІПТЕСТЕР!

ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МЕН ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді Ұстаздардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, Сіздер жас ұрпақтың санасына өлшеусіз тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге беріп келесіздер. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Айтулы мерекеде дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! І згі тілекпен, Мусаев Арман Қонысбайұлы - Қазалы аграрлы - техникалық колледжі директоры