16 Қазан 2021
90

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ «AGROSKILLS» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ «AGROSKILLS» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАДЫ 2021 жылдың 13-15 қазан күндері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «№ 9 Меркі колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынің білім алушылары арасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы «Ауыл шаруашылығы тракторист – машинисті» құзыреттілігі бойынша «AgroSkills- 2021» халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Қазақстан мен Қырғызстан Республикасының білім алушылары қатысқан байқауға Қызылорда облысының атынан қатысқан Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің білім алушысы Ө.Нұрмағамбетов жүлделі ІІІ орынды иеленіп, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен, өндірістік оқыту шебері Есенов Серікбол Жиентайұлы Алғыс хатпен марапатталды. Білім алушыны байқауға дайындаған жетекшілері аға шебер Орынбасар Қуат Құланбайұлы мен өндірістік оқыту шебері Есенов Серікбол Жиентайұлына шығармашылық табыстар тілейміз!

"/>

"/>

"/>